Текст
Жаңалықтар
-
24.01.2025 Қазіргі білім беру жүйесінде дәрістер мен семинарлардан бөлек, сыныптан тыс жұмыстар да маңызды орын алады. Оған үйірмелер, факультативтер мен секциялар кіреді. Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде осындай іс-шаралар студенттің жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың білімін тереңдетуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Бұл қызметтер кәсіби біліктілікті арттыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, әлеуметтік қатынастарды нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің физикалық дайындығы мен төзімділігін күшейтуге бағытталған. Қазіргі білім беру жүйесінде дәрістер мен семинарлардан бөлек, сыныптан тыс жұмыстар да маңызды орын алады. Оған... -
21.01.2025 Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде медицина қызметкері “Желшешек: пайда болу себептері, белгілері және анықтау жолдары” тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Желшешек – кеңінен таралған әрі жұқпалылығы жоғары инфекциялық ауру. Әдетте, бұл дерт балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Дерттің қоздырғышы – варицелла-зостер вирусы, ол ағзаға енгеннен кейін теріде бөртпелер мен ісіктердің пайда болуына себеп болады. Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде медицина қызметкері “Желшешек:... -
21.01.2025 Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Ақмола облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – жастар арасындағы бопсалаушылықтың алдын алу және оның құқықтық салдарын түсіндіру. Кездесу барысында студенттерге ауыр және аса ауыр қылмыстардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы кең көлемде ақпарат беріліп, заң бұзушылықтардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін теріс әсері кеңінен талданды. Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби әрі мазмұнды жауаптар алды. Осындай кездесулер жастардың бойында құқықтық мәдениет қалыптастырып, заңға құрметпен қарау мен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Құқықтық білім – бұл тек заңды білу ғана емес, әділ әрі саналы қоғам құруға қосылатын үлес. Саналы ұрпақ – ел болашағының кепілі. Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыру... -
21.01.2025 20 қаңтар күні биылғы жылдың алғашқы студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында өзекті мәселелер мен күн тәртібіндегі тақырыптар кеңінен талқыланып, студенттер қоғамдағы белсенділіктерін арттыру жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, Жастар ісі жөніндегі комитетінің жаңа мүшесі таныстырылып, оған жылы лебіздер білдірілді. 20 қаңтар күні биылғы жылдың алғашқы студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында өзекті... -
20.01.2025 20 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдық – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерге адалдықтың маңыздылығын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғамдағы рөлін айқындау болды. 20 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне... -
17.01.2025 Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері «SMM-College Burabay» шеберлік сыныбына қатысып, жаңа тәжірибе алды. Іс- шараға «Tabys» маркетинг агенттігінің негізін қалаушы, өз саласының білікті маманы Фариза Еншілес әлеуметтік медиа маркетингінің негіздері туралы құнды ақпарат берді. Шеберлік сабақтың басты мақсаты – студенттерге SMM саласының маңызды дағдыларын меңгеру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және бірегей контент жасауға арналған техникаларды үйрету. Шеберлік сыныбының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері «SMM-College Burabay»... -
17.01.2025 Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Бурабай» ЖРО психологы Г.А. Анисимова «Сөздің күші: тіл мәдениеті мен оның адам өміріне ықпалы» тақырыбында терең мазмұнды дәріс өткізді. Іс-шара барысында психолог тіл мәдениетінің адам өміріндегі маңыздылығын, сөздің қоғам мен психологияға әсерін жан-жақты түсіндіріп берді. Сонымен қатар, орынсыз және дөрекі сөздердің жеке тұлғаға және жалпы қоғамға тигізетін теріс ықпалын ашып көрсетті. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, олардың мазмұнды жауаптарын алды. Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Бурабай» ЖРО психологы Г.А.... -
17.01.2025 Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің полиция лейтенанты С.Байбуров «Есірткіге қарсы күрес: құқықтық салдары мен теріс әсерлері» тақырыбында студенттермен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органының өкілі есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілік жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар жастардың есірткіге қарсы саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Закладка» атты фильм көрсетіліп, тақырып төңірегінде талқылау жүргізілді. Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің... -
13.01.2025 13 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Қоғам және біз: мінез-құлық мәдениетінің нәзік қырлары» тақырыбында кураторлық сағат өтті. 13 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Қоғам және біз: мінез-құлық мәдениетінің нәзік... -
24.12.2024 Қазіргі заманда технологияның қарқынды дамуы құмар ойындар мен лудоманияның таралуына себеп болып, бұл мәселе, әсіресе, жастар арасында ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Қазіргі заманда технологияның қарқынды дамуы құмар ойындар мен лудоманияның таралуына себеп болып, бұл мәселе,...