Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде медицина қызметкері “Желшешек: пайда болу себептері, белгілері және анықтау жолдары” тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Желшешек – кеңінен таралған әрі жұқпалылығы жоғары инфекциялық ауру. Әдетте, бұл дерт балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Дерттің қоздырғышы – варицелла-зостер вирусы, ол ағзаға енгеннен кейін теріде бөртпелер мен ісіктердің пайда болуына себеп болады.
Желшешектің алдын алу шараларының басты мақсаты — ауруды ерте анықтап, оны басқа адамдарға жұқтырмау үшін науқасты оқшаулау. Сонымен қатар, бөлмелерді үнемі желдетіп, ылғалды тазалау арқылы инфекцияның таралуын болдырмау маңызды. Желшешекпен күрестің ең тиімді әдісі — арнайы егу, яғни вакцинация жасау болып табылады. Бұл іс-шара әсіресе желшешекпен ауырмаған және бұрын вакцина алмаған, жоғары тәуекел тобына жататын адамдар үшін аса маңызды. Егілген адамдар арасында желшешекпен ауыру өте сирек кездеседі. Егер инфекция жұққан жағдайда, ауру жеңіл түрде өтеді. Егу жасалған соң, баланың ағзасында дереу иммунитет қалыптасып, ол инфекцияға қарсы қорғаныш қабілетін дамытады. Бұл алдын алу шаралары қоғамдық денсаулықты сақтау үшін өте маңызды.