Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Ақмола облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – жастар арасындағы бопсалаушылықтың алдын алу және оның құқықтық салдарын түсіндіру. Кездесу барысында студенттерге ауыр және аса ауыр қылмыстардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы кең көлемде ақпарат беріліп, заң бұзушылықтардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін теріс әсері кеңінен талданды. Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби әрі мазмұнды жауаптар алды. Осындай кездесулер жастардың бойында құқықтық мәдениет қалыптастырып, заңға құрметпен қарау мен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Құқықтық білім – бұл тек заңды білу ғана емес, әділ әрі саналы қоғам құруға қосылатын үлес. Саналы ұрпақ – ел болашағының кепілі.