Текст
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Бурабай» ЖРО психологы Г.А. Анисимова «Сөздің күші: тіл мәдениеті мен оның адам өміріне ықпалы» тақырыбында терең мазмұнды дәріс өткізді. Іс-шара барысында психолог тіл мәдениетінің адам өміріндегі маңыздылығын, сөздің қоғам мен психологияға әсерін жан-жақты түсіндіріп берді. Сонымен қатар, орынсыз және дөрекі сөздердің жеке тұлғаға және жалпы қоғамға тигізетін теріс ықпалын ашып көрсетті. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, олардың мазмұнды жауаптарын алды.