20 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдық – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерге адалдықтың маңыздылығын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғамдағы рөлін айқындау болды.
Кураторлық сағат барысында студенттерге адалдық пен әділеттіліктің адамзат болмысының ажырамас бөлігі екені, ал сыбайлас жемқорлықтың қоғамның даму жолындағы ең үлкен кедергі екендігі жан-жақты баяндалды. Әңгіме барысында қатысушылар адалдық тек жеке қасиет қана емес, сонымен бірге елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі екенін ұғынды.
Адалдық – рухани тазалықтың, әділдік пен жауапкершіліктің айнасы. Ол жеке тұлғаның ғана емес, тұтас қоғамның өркендеуіне ықпал ететін басты құндылық. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жастардың жүрегіне адамгершілік дәнін егіп, олардың саналы азамат ретінде қалыптасуына жол ашады.