Текст
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері «SMM-College Burabay» шеберлік сыныбына қатысып, жаңа тәжірибе алды. Іс- шараға «Tabys» маркетинг агенттігінің негізін қалаушы, өз саласының білікті маманы Фариза Еншілес әлеуметтік медиа маркетингінің негіздері туралы құнды ақпарат берді. Шеберлік сабақтың басты мақсаты – студенттерге SMM саласының маңызды дағдыларын меңгеру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және бірегей контент жасауға арналған техникаларды үйрету. Шеберлік сыныбының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.