Текст
Жаңалықтар
-
17.01.2025 Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Бурабай» ЖРО психологы Г.А. Анисимова «Сөздің күші: тіл мәдениеті мен оның адам өміріне ықпалы» тақырыбында терең мазмұнды дәріс өткізді. Іс-шара барысында психолог тіл мәдениетінің адам өміріндегі маңыздылығын, сөздің қоғам мен психологияға әсерін жан-жақты түсіндіріп берді. Сонымен қатар, орынсыз және дөрекі сөздердің жеке тұлғаға және жалпы қоғамға тигізетін теріс ықпалын ашып көрсетті. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, олардың мазмұнды жауаптарын алды. Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Бурабай» ЖРО психологы Г.А.... -
17.01.2025 Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің полиция лейтенанты С.Байбуров «Есірткіге қарсы күрес: құқықтық салдары мен теріс әсерлері» тақырыбында студенттермен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органының өкілі есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілік жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар жастардың есірткіге қарсы саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Закладка» атты фильм көрсетіліп, тақырып төңірегінде талқылау жүргізілді. Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің... -
13.01.2025 13 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Қоғам және біз: мінез-құлық мәдениетінің нәзік қырлары» тақырыбында кураторлық сағат өтті. 13 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Қоғам және біз: мінез-құлық мәдениетінің нәзік... -
24.12.2024 Қазіргі заманда технологияның қарқынды дамуы құмар ойындар мен лудоманияның таралуына себеп болып, бұл мәселе, әсіресе, жастар арасында ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Қазіргі заманда технологияның қарқынды дамуы құмар ойындар мен лудоманияның таралуына себеп болып, бұл мәселе,... -
24.12.2024 Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің ЭГС-11 тобының студенттері Щучинск қаласының сәбилер үйінің ауласын қалың қардан тазартуға қолғабыс етті. Жасалған игі істің нәтижесінде балалардың мекеме аумағында емін-еркін ойнап, серуендеуге толық жағдай жасалды. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің ЭГС-11 тобының студенттері Щучинск... -
19.12.2024 Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің педагог-психологы Б.Н. Утегенова «Психология апталығы» аясында тұлғалық даму бағытында тренингтер мен әңгімелер жүргізуде. Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің педагог-психологы Б.Н. Утегенова «Психология апталығы» аясында... -
17.12.2024 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы А.В. Федоровтың ұйымдастыруымен пікір сайыс өткізілді. Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері, тәуелсіз ел мәртебесінің қазақстандықтар үшін маңызы және жастардың Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы орны мен үлесі кеңінен талқыланды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде тарих пәнінің... -
17.12.2024 13 желтоқсан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында әр студент Халқымыздың қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында, одан кейінгі кезеңдерде де талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткергені жөнінде шығармашылық көрініс қойып, білектің күшімен, найзаның ұшымен соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлы даланың кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір сүріп жатқандығын баяндады. Қанатын кеңге жайған көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз әуен қосып, асқақтай шырқалды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын! 13 желтоқсан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне... -
12.12.2024 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінде тарих білгірлеріне арналған көрмелер, сайыстар өткізілуде. Бұл күн егемендік пен еркіндіктің, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігін білдіреді. Аталған іс-шаралар ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраны нығайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінде тарих... -
12.12.2024 У-12 тобының ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтауы. У-12 тобының ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтауы.