Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Жоғары техникалық колледждің студенттері «Адалдық пен әділдік – ел болашағы!» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараны «Sanaly urpag» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының төрайымы Э.В.Турищева ашып, оның мақсаты мен міндеттерін таныстырды. Клуб төрайымы қоғамдағы тазалық пен әділеттілікті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндірді.
Дөңгелек үстелге ВТ-11 тобының студенттері белсене қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын талқылады. Студенттер бұл әлеуметтік құбылыстың себептері мен салдарын жан-жақты қарастырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мен құқықтық сананы арттырудың тиімді жолдары қарастырылды.
Іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, әділдік пен адалдық қағидаларын ұстанудың маңызын терең түсінуге ықпал етті.