Текст
13 қаңтар күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Қоғам және біз: мінез-құлық мәдениетінің нәзік қырлары» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында студенттер этикет ережелері, үлкендерге құрмет көрсету, қарым-қатынастағы сыйластық ұстанымдары мен іскерлік байланыстардағы әдеп нормалары туралы маңызды мәселелерді талқылады. Кураторлық сағат жастарға мінез-құлық мәдениетінің терең мәнін түсінуге және оны күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Білім алушылармен қарапайым сыпайылық ережелерін сақтау мен айналадағы адамдарға құрмет көрсету табысты қарым-қатынас пен қоғамда үйлесімді өмір сүрудің кепілі екендігі жөнінде пікір алмастырылды.