2023-2024 жылдарға арналған кәсіптік бағдарлау жоспарына сәйкес Жоғары техникалық колледждің арнайы пәндер оқытушылары Е.Е. Ауелбеков, А.А. Жакупбекова, Н.С. Дюсембаева Щучинск қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кәсіп таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының алдында әрқашан тұрады, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты аса өзекті мәселе. Көптеген жаңа кәсіптер туралы оқушылар аз біледі және дәстүрлі кәсіптер де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.
Еңбек нарығына сұраныс, мамандық талаптары және оның жеке ерекшеліктері сияқты факторларды ескере отырып жасалған кәсіби таңдау кәсіпті табысты игерудің, еңбек қызметіне үйлесімді енудің, бәсекеге қабілетті кәсіпқойды қалыптастырудың, ақыр соңында оның отбасының әл-ауқатын арттырудың маңызды шартына айналатыны баршаға түсінікті.
Сіздерді күтеміз!