Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

14 желтоқсанда Жоғары техникалық колледжде өндірістік практика қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті.

21.12.2023

14 желтоқсанда Жоғары техникалық колледжде өндірістік практика қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті. ЭМ-41 тобының төртінші курс студенттері-Руслан Жумабеков, Александр Торичный, ГЭМ -41 тобының Илья Калантыренко, Иван Лярсков қатысты, сондай-ақ ЭГС -21 тобының екінші курс студенттері Роман Ласевич және Денис Шахманов өндірістік практика тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер «БОТА-2015» ЖШС, Азиякотломаш» ЖШС, «БЛВРД» ЖШС, «Злат-Неруд» компаниясы және «SGS»компаниясында тәжірибеден өтті. Студенттер кәсіпорындарда жұмыс істеген кезде алған практикалық тәжірибелерімен толық және қызықты түрде бөлісті.
Баяндамашылардың тақырыптары ақпараттылық пен нақтылықпен, презентациялар бояулықпен және қанықтылықпен ерекшеленді. Барлық баяндамашылар тәжірибеге риза болды, сонымен қатар кіші курс студенттеріне осы кәсіпорындарда тәжірибеден өту мүмкіндігін жіберіп алмауға кеңес берді.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст