Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Дота-2» копьютерлік ойынынан облыстық турнир өткізілді

13.02.2023

2023 жылдың 4 ақпаны мен 2023 жылдың 11 ақпаны аралығында «Дота-2» копьютерлік ойынынан облыстық турнир өткізілді. Бұл ойын кең таралған және жас ұрпақ өкілдері арасында үлкен жетістікке жетті. Жарысқа мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Сенбі, 11 Ақпанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде ойынның финалы өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Орындар келесідей бөлінді: 3 орын – Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжінің «USB» командасы, 2 орын – Щучинск қ. №1 мектеп-гимназиясының «Sigma gaming» командасы, 1 орын-Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжінің «Visconty»командасы. Турнирдің демеушісі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Щучинск басқармасы болды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймызЖеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст