Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

ПБ ювеналды полиция өкілдерінің студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында студенттермен әңгімелесуі өтті.

23.11.2022

2022 жылғы 22 қарашада Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай ауданының ПБ ювеналды полиция өкілдерінің студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында студенттермен әңгімелесуі өтті. Полиция инспекторы өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершіліктерге тоқталды. Студенттерге қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ, білім алушыларға темекі өнімдерін тұтынудың, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішудің салдары және нормативтік актілердің басқа да бұзушылықтары туралы айтылды.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст