Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы әлеуметтік қызметкер күнін мерекелеу аясында 2019 жылы 30 қазанда Көкшетау қаласының «Достар» МҮ «Еңбек жолы» конкурсының аймақтық жеңімпаздарын марапаттаумен салтанатты іс-шара өткізілді.
Бұл байқауға үш номинация бойынша Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж оқытушылары белсенді қатысты:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясында - Пальцева – Шпара - Зубовтар және Жүнісовтар әулеті;
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында - Майра Қадірқызы Ехласова және Клара Серікқызы Жансеитова;
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында - Алексей Юрьевич Зубов және Жұлдыз Нұрланқызы Жүнісова.
«Еңбек жолы» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды:
«Үздік еңбек әулеті» деп Пальцева – Шпара -Зубовтар әулеті танылды;
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Майра Төребекқызы Исаева Степногорск қ. «ЕПК Степногорск» АҚ техникалық бақылау бөлімінің магниттік бақылау бойынша дефектоскопист атанды;
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында Степногорск қ. «Степногорск тау-кен-техникалық комбинаты» ЖШС диірмен машинисі Бақытжан Асылханұлы Қайбасов жеңіске жетті.
Басқарма басшысы Б.Л.Мұстафин конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Шудабаева Р.Ж., колледждің кәсіподақ ұйымының төрағасы