Кәсіптік оқыту сапасын арттыру, өндірістік оқытудың нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру мақсатында 24 қараша күні Жоғары техникалық колледжде тамақтану саласындағы мамандықтарды меңгеретін шығармашыл жастарды анықтайтын «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурсының іріктеу кезеңі өткізілді.
Конкурс құзыреттілік орталығы шеңберінде өткізілді және білім алушылар мен педагогтардың өзара тығыз іс-қимыл дәрежесін көрсетті. Студенттер өз кураторларымен бірге байқау қонақтарын және құзыретті қазылар алқасын түрлі тақырыптағы тақырыптық үстелдермен таныстырып, мерекелік көңіл-күйге бөлеп, жағымды әсер сыйлады.
Байқаудың барлық қатысушыларына құрмет грамоталары табысталды. Ал ең көп ұпай жинаған қатысушылар ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында өтетін кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңіне өтті.
Біздің жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!