19 қазан күні Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде Бурабай ауданының теологы У-11 және ПО-11 топтарының студенттерімен деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

19.10.2026

💬 Кездесу барысында сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, алынған ақпаратқа саналы түрде баға беру және деструктивті идеялардың ықпалына қарсы тұру мәселелері талқыланды.

🕊️ Сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығына, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға және ықтимал қауіпті идеологияларды ажырата білуге ерекше назар аударылды.

🤝 Мұндай іс-шаралар жастардың діни сауаттылығын арттыруға, жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік, келісім мен өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Просмотров: 42

Пікір қосу

Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст