ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
15.10.2026
ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
📌 15 қазан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Іс-шара Бурабай ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.
🎓 Дәріс барысында студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, есірткіге тәуелділіктің салдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
✅ Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және саналы өмірлік таңдау жасауға бағыттау.
💚 Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!