ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
13.10.2026
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
📌 Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде облыстық деңгейде жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар аясында студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың қауіптілігін түсіндіруге бағытталған бейнематериал көрсетілді.
🎥 Бейнероликтің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, радикалды идеологиялардың ықпалынан сақтандыру және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын түсіндіру.
✅ Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, толеранттылық пен өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.