Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қоғамға қызмет ету» акциясы жалғасуда.
08.10.2026
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қоғамға қызмет ету» акциясы жалғасуда.
🏡 Студенттер мен кураторлар аға буын өкілдеріне барып, үй шаруасына көмектесіп, жылы әңгімелерімен көңілдерін көтеруде.💐 Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жастарды оқыту мен тәрбиелеуге көп жылын арнаған педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінуде.❤️ Әрбір кездесу — олардың еңбегіне алғыс білдіруге, ақыл-кеңестерін тыңдап, өмірлік тәжірибесінен өнеге алуға мүмкіндік.
🌿 Акцияға қатысу студенттерді қамқорлыққа, жанашырлыққа және үлкендерді құрметтеуге баулиды.
✨ Игі істер жалғаса берсін, өйткені адамдарға күн сайын көңіл бөлу мен қолдау қажет!