24 қыркүйекте «Жігер» жатақханасында студенттерге арналған «Есею және өз шешімдеріне жауапкершілік» тақырыбында танымдық әңгіме мен тестілеу өтті

29.09.2026

24 қыркүйекте «Жігер» жатақханасында студенттерге арналған «Есею және өз шешімдеріне жауапкершілік» тақырыбында танымдық әңгіме мен тестілеу өтті 💡🎓.
Ересек өмірге қадам басу — еркіндік пен жаңа мүмкіндіктерге ие болу ғана емес, сонымен қатар әрбір іс-әрекетіңе жауап бере білу 🤝. Кездесу барысында студенттер маңызды мәселелерді талқылады:
🔹 Ойланып, өз бетінше шешім қабылдау жолдары 🧠;
🔹 Жеке еркіндік пен жауапкершіліктің арақатынасы ⚖️;
🔹 Өз әрекеттерінің салдарын алдын ала болжай білудің маңызы 🔮.
Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтті ✨. Студенттер белсенді түрде сұрақ қойып, өз пікірлері мен өмірлік мысалдарын ортаға салды.

Просмотров: 2


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст