Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қарттар күніне орай «Қоғамға қызмет ету» қайырымдылық акциясы басталды.

21.09.2026

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қарттар күніне орай «Қоғамға қызмет ету» қайырымдылық акциясы басталды. Акция аясында ЭМ-21 тобының студенттері кураторы Лондарем П. Н. бірге педагогикалық еңбек ардагері Васина Елена Михайловнаға барып қайтты. 
🏡 Жастар үй шаруасына көмектесіп, қамқорлық танытып, шынайы көңіл бөлді. Шай үстінде жылы әңгіме өрбіп, ардагер аяулы естеліктерімен және өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісті. 
❤️ Осындай кездесулер жастарды аға буынды құрметтеуге, мейірімділікке және айналасындағы адамдарға риясыз көмек көрсетуге тәрбиелейді. Студенттеріміздің игі істері мен ықыласы қарт жандарға қуаныш пен жылулық сыйлап, қамқорлыққа бөленгендерін сезіндірсін! 🌷

Просмотров: 134


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст