«Отбасылық құндылықтар» психологиялық тренингі
11.09.2026
«Отбасылық құндылықтар» психологиялық тренингі
9 қыркүйекте Жоғары техникалық колледжде «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. 👨👩👧👦
Қатысушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызын талқылап, отбасылық әл-ауқат туралы өз ойларымен бөлісті. 💬
Тренинг барысында студенттер өзара сенімді нығайтуға және сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындады. 🤝
Жақын адамдарды түсінуге, құрметтеуге және оларға эмоционалдық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды. ❤️
Іс-шара қатысушыларға берік отбасының сүйіспеншілікке, қамқорлық пен өзара жауапкершілікке негізделетінін тағы бір мәрте ұғынуға көмектесті.