«Отбасы қарым-қатынастан басталады»
10.09.2026
«Отбасы қарым-қатынастан басталады»
«Жігер» жатақханасында отбасылық құндылықтарға, сыйластық пен өзара түсіністікке арналған интерактивті кездесу өтті. 💞 Қатысушылар сыйластықтың отбасындағы сүйіспеншілік пен татулықтың берік негізі екені туралы әңгімелесті. Студент қыздар сенім, жеке шекара, өзара көмек және салауатты қарым-қатынасқа байланысты өмірлік жағдаяттарды талқылады. 💬 Қыздар отбасындағы игі дәстүрлерімен бөлісіп, шаңырақтың жылуы мен өзара түсіністікті ұзақ жылдар бойы қалай сақтауға болатыны жөнінде ой қозғады. 👩🏫 Іс-шараны ұйымдастырушылар — тәрбиеші Г.А. Багинская және педагог-психолог А.И. Фроленкова.