08.09.2026
ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметі
Жатақханадағы орындар колледж білім алушыларына арнайы комиссияның шешімімен конкурстық негізде беріледі.
Жатақханадан орын алу үшін:
1. Колледж директорының атына белгіленген үлгідегі өтініш беру.
2. Жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжатты ұсыну.
3. Қандастар тиісті мәртебесін растайтын құжатты қосымша ұсынуы қажет.
Білім алушының жеңілдік санатына жататыны туралы мәліметтер колледж тарапынан мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады. Қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну ұсынылады.
Өтінішті:
• тікелей колледжге;
• eGov.kz порталы арқылы;
• Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон арқылы проактивті түрде беруге болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 3 жұмыс күні. Қызмет тегін көрсетіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі — жатақханадан орын беру туралы жолдама немесе дәлелді бас тарту.
Жатақханадан орын бөлу кезінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және басқа да әлеуметтік осал санаттарға басымдық беріледі.
Қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:
• жалған немесе дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы;
• ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
• дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары».