08.09.2026
Азаматтардың жекелеген санаттарына тамақтануға арналған өтемақы төлемдері
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру топтары үшін
Аталған қызметті алу үшін белгіленген үлгідегі өтініш жазып, оған төмендегі тармақтардың біріне сәйкес келетін құжаттарды қоса беру қажет:
Мүгедектігі бар адамдар үшін — мүгедектік туралы анықтама немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатына жататыны туралы анықтама;
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (50 851 теңге) төмен отбасылардан шыққан балалар үшін — алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, алименттер мен жәрдемақылар түріндегі табыстар).