05.06.2026
2026 жылғы 5 маусымда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде педагогикалық ұжыммен заңсыз ақша жинауға жол бермеу және бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында нормативтік құжаттарда көзделмеген бітіру кештерін, автокеруендерді, таңды қарсы алу іс-шараларын, демалыс базаларындағы мерекелік шараларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салу мәселелері қаралды. Сондай-ақ түлектерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Колледж әкімшілігі педагогтерді, студенттерді және ата-аналарды қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға шақырады.