Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

23 сәуір - Әлемдік кітап және авторлық құқық күні.

23.04.2026

Кітап - бұл тек беттер мен мұқаба ғана емес. Ол - жанды әлемдерге бастайтын құпия есік, өз орныңнан қозғалмай-ақ, сансыз ғұмырды кешуге мүмкіндік. Кітаптарда біз жауап табамыз, және жаңа сұрақтарға  жол ашамыз. Бізге бауыр басып кететін кейіпкерлермен жүздесеміз, олар жүрегіміздің бір бөлшегіне айналады. Сол әлемдерде бұрын ойымызға келмеген көкжиектер ашылады, ал әрбір парақ - жаңа бір сапардың бастамасы болып табылады.

23 сәуір - Әлемдік кітап және авторлық құқық күні. Кітап және авторлық құқық -зияткерлік меншікті қорғаудың маңызды бөлігі. Әрбір кітап автордың еңбегі мен шығармашылығының нәтижесі болып табылады, сондықтан оны заңсыз көшіруге, таратуға немесе пайдалануға болмайды. Авторлық құқықты сақтау - авторға деген құрмет пен әділдіктің  белгісі. Кітапты заңды түрде пайдалану мәдениеті әрбір оқырман үшін маңызды. Жоғары техникалық колледж кітапханасында  студенттермен «Кітап пен авторлық құқық әлемі» атты іс - шара өтті.

Мақсаты: студенттердің өміріндегі кітаптың маңызын көрсету, оқу мәдениетін дамыту, сондай-ақ авторлық құқық пен зияткерлік меншікке құрметпен қарауды қалыптастыру.

Просмотров: 244

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст