17.04.2026
2026 жылғы 17 сәуір күні Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжі базасында «ТжКББ жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға заманауи білім беру технологияларының әсері» озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша облыстық семинар-практикум өтті. Семинар мақсаты – ТжКББ жүйесінде жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушыларының заманауи білім беру технологияларын іске асырудың озық педагогикалық тәжірибелері мен нәтижелерін жалпылау және тарату. Семинарда тарих пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші А.В.Федоров «Заманауи цифрлық технологияларды енгізу жағдайында тарих сабақтарында көрнекілік арқылы оқытуды пайдаланудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша озық педагогикалық тәжірибесімен бөліссе, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Г.К.Даулетова «English for Media Literacy» әдістемелік құралымен таныстырып, оқу құралының тәжірибелік бағыттылығына егжей-тегжей тоқталды. Семинар соңында қатысушылар арасында ұсыныстар айтылып, кері байланыс орнатылды және ТжКББ дамыту орталығынан баяндамашыларға сертификаттар табыс етілді.