Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында студенттерге «Не книжная закладка» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.

31.03.2026
 Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында студенттерге «Не книжная закладка» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді. 
 Көрсетілімнен кейін студенттермен талқылау жұмыстары жүргізіліп, маңызды мәселелер қозғалды:
 жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, оның салдары, жеке жауапкершілік;
 күмәнді ұсыныстарға қарсы тұру дағдылары.
 Көрсетілім қорытындысы бойынша студенттер арасында сауалнама да жүргізілді.
 Осындай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапты мінез-құлық пен заңға құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. 
Просмотров: 1029


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст