30.03.2026
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжінде 30 наурыз күні студенттік ортадағы қақтығыстардың алдын алуға бағытталған «Достық берік – сынбайды…» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шара «Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылып, студенттер арасында өзара сыйластық, қолдау және мәдени қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етті.
Кездесу барысында қатысушылар достықтың маңыздылығын талқылап, ымыраға келу және даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешу жолдарын қарастырды.
Осындай іс-шаралар студенттік ұжымда жағымды әрі достық атмосфера қалыптастыруға көмектеседі.