Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Облыстық дебат турниріндегі лайықты нәтиже!

17.03.2026

Облыстық дебат турниріндегі лайықты нәтиже!
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледж студенттері Ақмола облысы жастары арасында өткен облыстық дебат турниріне қатысты. Колледж намысын тарих пәнінің оқытушысы Исабекова Меруерттің жетекшілігімен Шыныбек Венера мен Рашит Айерке құрамындағы «Тұмар» командасы қорғады.
Турнир нағыз интеллектуалдық марафон болды — тартысты бәсеке шамамен 10 сағатқа созылды . Осы уақыт ішінде қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, терең білім , логикалық ойлау , дәлел келтіру және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті .
Нәтижесінде облыстың 20 мықты командасы арасында біздің студенттер құрметті 4-орынды иеленді . Бұл — өте жақсы нәтиже!
 Венера мен Айерканы тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жаңа жеңістер , жарқын пікірсайыстар  және үлкен табыстар тілейміз!

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст