Текст
17.03.2026
ЭМ-31 тобында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті
16 наурыз күні ЭМ-31 тобында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылды .
Іс-шара барысында білім алушылар қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Ұлы даладағы Наурыз мейрамын тойлау тарихы мен ерекшеліктері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды 🇰🇿.
Сондай-ақ «Қазақстан: тарихы, дәстүрлері және әдет-ғұрыптары» атты интеллектуалдық викторина өтті . Студенттер қазақ мәдениеті бойынша жақсы білімдерін көрсетіп, тапқырлықтары мен зеректіктерін танытты, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлады .
Осындай іс-шаралар ұлттық мұраны құрметтеуге тәрбиелеп, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін тереңірек тануға мүмкіндік береді