Текст
17.03.2026
15 наурыз – «Қайырымдылық күні»
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжінде еңбек ардагерлерін құрметтеуге және оларға көмек көрсетуге арналған «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы басталды.
13–23 наурыз аралығында студенттер мен оқу топтарының кураторлары еңбек ардагерлеріне барып, олардың көпжылдық еңбегі, қамқорлығы және білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдіруде. Студенттер үй шаруасына көмектесіп, жылы жүздесіп, қолдау көрсетуде. Ең бастысы – аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтарын танытуда.