Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясындағы дебаттар 2026 жылғы 13 ақпанда Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде «Заң және тұлға: рұқсат етілгеннің шекарасы» тақырыбында дебат өтті

16.02.2026

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясындағы дебаттар
2026 жылғы 13 ақпанда Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде
«Заң және тұлға: рұқсат етілгеннің шекарасы» тақырыбында дебат өтті 
Дебат барысында келесі қарар талқыланды: «Бұл палата Білім туралы заң барлық студенттерге сабаққа еркін қатысу құқығын беруі тиіс деп есептейді».
 Қатысушылар сабаққа қатысу, академиялық жауапкершілік және білім беру саласындағы мемлекеттің рөлі мәселелерін белсенді түрде талқылады. Дебатшылар сабақ босату мәселелерін шешудің нақты жолдарын ұсынып, оларды тиімді білім беру саясаты арқылы жүзеге асыруға болатынын атап өтті.
 Дебатқа ПО-12 тобының студенттері қатысты: Стрельников Кирилл, Пак Данил, Тюльков Станислав және Шалышкин Никита.
 Тәлімгер әрі төреші ретінде ПО-22 тобының студенті Конкин Данил болды.
 Дебаттар колледждің дебат клубының жетекшісі Федоров Андрей Владимировичтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, өткізілді.
 Мұндай іс-шаралар студенттердің сыни ойлауын дамытып, құқықтық мәдениетін арттырып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырады!

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст