«Кезең» облыстық спартакиадасынан керемет жаңалық!
13.02.2026
«Кезең» облыстық спартакиадасынан керемет жаңалық!
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің құрама командасы «Кезең» облыстық спартакиадасында шаңғы жарысы бойынша жоғары нәтиже көрсетті!
Қыздар құрамасы (Абрамова Маргарита, Кондратьева Ульяна, Горбузняк Виктория) 3×3 эстафетасында жүлделі 3 орынға ие болды!
Ұлдар құрамасы (Зотов Кирилл, Беленец Иван, Ерухин Андрей) 3×5 эстафетасында 2 орынды жеңіп алып, күміс жүлдегер атанды!
5 км қашықтықтағы жеке жарыста Зотов Кирилл 3 орын иеленіп, команданың жетістіктер қоржынын толықтырды!
Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша (жеке жарыстар мен эстафеталар) колледж құрама командасы жалпыкомандалық есепте құрметті 2 орынға ие болды!
Жас спортшыларымызды тамаша нәтижелерімен, табандылығы мен жеңіске деген жігерімен құттықтаймыз!
Команда жетекшілері – Коломиец В.С. және Сексенов Е.С.
Сіздермен мақтанамыз! Жаңа жеңістерге бірге қадам басайық!