JuniorSkills байқауы жалғасуда!

27.01.2026

JuniorSkills байқауы жалғасуда! 

Бүгін Жоғары техникалық колледждің базасында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша конкурс өтті. Аспаздық сайысқа №1, №3, №7 мектептерінің, Досов атындағы, Сейфуллин атындағы мектептердің және Окжетпес ауылынан келген 10 оқушы қатысты.

Жас қатысушылар өздерінің практикалық дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, екі конкурстық тапсырманы орындады: тауық етінен ыстық тағам дайындау және жармадан биточки әзірлеу. Байқау кәсіби қызығушылыққа, шеберлікке және болашақ мамандыққа деген ынтаға толы атмосферада өтті.

Просмотров: 730


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст