Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

2026 жылғы 08 қаңтарда колледжде бекітілген Әдістемелік жұмыс жоспарына сай колледж басшысы Н.К.Бектасованың төрағалығымен кезекті Әдістемелік кеңес отырысы өтті.

08.01.2026

2026 жылғы 08 қаңтарда  колледжде бекітілген Әдістемелік жұмыс жоспарына сай колледж басшысы Н.К.Бектасованың төрағалығымен кезекті Әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік кеңесте әдіскер Қ.Қ.Уразова 2025-2026 оқу жылында педагогтерді аттестаттаудың қағидаларына тоқталып,  педагогтердің кәсіби-шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылыми-әдістемелік, жобалық-зерттеу қызметін жетілдіру мақсатында шығармашылық (сараптамалық) топ құрылатынын мәлімдеді. 
Өндірістік оқыту шеберлері Р.В.Ахметжанов, В.П.Федотов, бөлім меңгерушісі Д.А.Ширшов 2025 жылдың 6-17 қазан аралығында Кентау политехникалық колледжінің жанында өткен біліктілікті арттыру курстары бойынша есеп берді.  Сондай-ақ, Әдістемелік кеңесте биылғы оқу жылында озық педагогикалық тәжірибеге ұсынылатын авторлық жұмыстар да талқыланды: арнайы пәндердің оқытушысы К.Н.Посметухова «ТжКББ студенттерінің кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында UX-зерттеулердің, Design Thinking  және UX/UI-дизайны жобалық оқытуға ЖИ цифрлық құралдарының интерграциясы», өндірістік оқыту шебері Хомидова Г.А. «Мейрамханаға қызмет көрсететін мамандарды даярлауда педагогикалық инновацияларды енгізудің тиімділігін бағалау», ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Б.О.Бекбулатова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттерге  ағылшын тілін үйретудің тиімді тәжірибелерін қолдану». Кеңес соңында колледж директоры Назым Кабдушевна оқу-тәрбие мәселелері бойынша бірнеше өзекті сұрақтарға тоқталды, тиісті нұсқаулар берілді. 

Просмотров: 140


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст