Текст
26.11.2025
26 қараша күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Жастар рухы» партиясының облыстық филиалы өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында қонақтар студенттерге жастар қанатының қызметі, көшбасшылық қасиеттерді, еріктілікті және жастардың азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған негізгі бастамалар мен жобалар туралы баяндады.
Ерекше назар білім беру, экология және өңірдің әлеуметтік дамуы салаларындағы жастар бастамаларын іске асыру мәселелеріне аударылды. Партия өкілдері студенттердің гранттық бағдарламаларға, еріктілер қозғалыстарына және оқыту тренингтеріне қатысу мүмкіндіктерімен бөлісті.