Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Адал отбасы – қоғам байлығы»

17.11.2025

«Адал отбасы – қоғам байлығы»
Бүгін Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде 1–4 курс студенттері үшін «Шабыт» жобасы аясында отбасыдағы адамгершілік құндылықтардың рөлі мен олардың қоғам дамуы үшін маңыздылығына арналған кураторлық сағат өтті.
 Студенттер өз ойларымен ашық бөлісіп, өмірден алынған мысалдар келтіріп, отбасындағы өзара құрмет, жауапкершілік, сенім мен қолдаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
 Талқылау барысында жастар мықты әрі адамгершілігі жоғары отбасы – жеке бақытымыздың ғана емес, үйлесімді әрі тұрақты қоғам дамуының да негізі екенін атап өтті. Қатысушылар отбасылық құндылықтарды қалыптастыру әрқайсымыздан басталатыны туралы ортақ пікірге келді.

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст