Бухгалтерлік есеп пәндері апталығы жарқын әрі мазмұнды «Теңге тарихы – ел тарихы» атты іс-шарамен аяқталды.

14.11.2025

Бухгалтерлік есеп пәндері апталығы жарқын әрі мазмұнды «Теңге тарихы – ел тарихы» атты іс-шарамен аяқталды.

Іс-шараның қадірлі қонақтары:
 Унайбеков Раис Жумабаевич – Щучинск қаласындағы «Халық банк» АҚ филиалының басшысы, колледждің әлеуметтік серіктесі;
 Ажибаева Мерейім Амангельдиновна – «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы, колледж түлегі.

У-21 тобының студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен қаржы саласы қызметкерлері күніне арналған мазмұнды ақпараттық блог ұсынып, мерекенің мән-маңызы туралы жан-жақты баяндады.

Апталықтың қорытындысында белсенділігімен көзге түскен студенттерге алғыс хаттар табысталды.

 Осындай іс-шаралар студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, қаржы саласының маңызын терең түсінуге ықпал етеді.

Просмотров: 1047


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст