Өнер әлеміне саяхат!

14.11.2025

Өнер әлеміне саяхат!
Оқу тәжірибесі аясында Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледждің Д-31 тобының студенттері «Арт Бурабай» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Домбыра әуенімен» атты көркемөнер көрмесіне барды. 
Вернитажда ұсынылған жұмыстар жанрлар мен техникалардың алуан түрлілігімен студенттерді таңғалдырды. Сондай-ақ заманауи суретшілердің дәстүрлі мотивтерді қазіргі өнер бағыттарымен үйлестіре отырып жаңаша қырынан көрсетуі ерекше қызығушылық тудырды. 
Бірлестік негізін қалаушылар — Миниханов Р.М. және Қырықбесов Ю.Ж. — студенттерге қызықты экскурсия жүргізіп, суретшілердің шығармашылық үдерісімен таныстырды және қаламыздың болашақ қылқалам шеберлері еңбек ететін шығармашылық студияға да кіріп шығуға мүмкіндік берді. 

Просмотров: 760


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст