2025 жылғы 12 қараша күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Жастар ресурстық орталығының психологы бірінші курс студенттерімен «ВИЧ инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
13.11.2025
2025 жылғы 12 қараша күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Жастар ресурстық орталығының психологы бірінші курс студенттерімен «ВИЧ инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара барысында студенттер ВИЧ берілу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпарат алып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінді. Психолог жастардың денсаулықты сақтау және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру мәселелерінде хабардар болуының ерекше маңызын атап өтті. Кездесу жылы әрі ашық атмосферада өтті, студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.