Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Біз – зорлық-зомбылыққа қарсымыз!

07.11.2025

Біз – зорлық-зомбылыққа қарсымыз! 
6 қараша күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі студенттері «Біз – зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты ақпараттық буклеттер тарату акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты — зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің салдарына назар аударту. Студенттер қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдаудың, өз сезімдерін ашық айтуының маңызды екенін еске салды, сондай-ақ күш қолдану, қорлау және қысым көрсетуге жол берілмейтінін атап өтті.
 Егер сен зорлық-зомбылыққа тап болсаң немесе куәгер болсаң — үндемей қалма!
Әлеуметтік педагогқа, тәрбиешілерге хабарлас немесе 111 сенім телефонына қоңырау шал.
Біз құрметті, қолдауды және өзара түсіністікті таңдаймыз! 

Просмотров: 58


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст