29.10.2025
Жоғары техникалық колледждегі факультативтер – дамуға және шабытқа толы кеңістік!
2025–2026 оқу жылында колледжде студенттердің жан-жақты дамуына бағытталған 30-дан астам факультативтер жұмыс істейді.
Техникалық бағыттар, шығармашылық студиялар, 💬 патриоттық үйірмелер, қызығушылықтар бойынша топтар – әрбір студент өзіне ұнайтын іс таба алады! Факультативтер бейіндік пәндер бойынша білімді тереңдетуге, таланттарды ашуға, сондай-ақ болашақ мамандықта қажет болатын жаңа дағдыларды игеруге көмектеседі.
Біз әрбір студенттің өз мүмкіндігін көрсетіп, әлеуетін толық жүзеге асыруы үшін барлық жағдайды жасаймыз!