Текст
    
                                
            
                23.10.2025
        Колледж кәсіби жәрмеңке алаңында!
21 қазан күні Щучинск қаласының №4 орта мектебінде өткен кәсіби бағдарлау жәрмеңкесіне біздің колледждің өкілдері қатысты.
Оқытушылар Шинкаренко С.В., Ахметжанов Р.В. және Константинов Р.А. студенттермен бірге өз мамандықтарын таныстырып, оқу бағыттары мен болашақ мүмкіндіктері туралы айтты. 
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті, оқушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер түлектерге болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектеседі!