Текст
    
                                
            
                20.10.2025
         «Мамандық құпиялары» атты кураторлық сағат
 («Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында)
Бүгін Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Мамандық құпиялары» атты кураторлық сағат өтті. 💬
 Іс-шараның мақсаты — студенттерде еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру, таңдаған мамандықтарына қызығушылығын арттыру және кәсіби уәждемесін дамыту.
Студенттер өз таңдаған мамандықтары туралы ойларымен бөлісіп, жеке мақсаттары мен болашаққа деген жоспарлары жайында әңгімелесті.
Кураторлар адал еңбек, жауапкершілік және өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге ұмтылу — кәсіби табыстың негізі екенін атап өтті. 🌟