Күзгі асар – еңбек пен шабыт мерекесі!

15.10.2025

 Күзгі асар – еңбек пен шабыт мерекесі! 
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Күзгі асар» атты күзгі табиғат сыйларынан жасалған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. 
Іс-шараға «Жігер» жатақханасында тұратын студент қыздар белсене қатысып, көкөністерден, жемістерден, жапырақтар мен гүлдерден дайындалған ерекше де шығармашылық жұмыстарын ұсынды. 
Әр композиция күзгі шабыттың, қиял мен еңбектің үйлесімін бейнелеп, қатысушылардың жылы жүрегі мен шығармашылық ой-өрісін көрсетті. 

Просмотров: 1257


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст