14 қазан күні Көкшетау қаласында «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты республикалық хакатонның іріктеу кезеңі өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрақты даму, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларында жобалар әзірлеуді қолдау.
Шучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі атынан информатика пәнінің оқытушысы Константинов Р.А. жетекшілік ететін команда «Ақылды экоферма» атты инновациялық жобасын ұсынды. Жоба автоматтандырылған және экологиялық таза агротехнологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жоба қазылар алқасының жоғары бағасын алып, салалық сарапшылардың оң пікірлеріне ие болды. Хакатонға қатысу студенттер үшін кәсіби өсуге және өзге оқу орындары мен стартап қауымдастықтарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.