Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

2025 жылдың 14 қазанында Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледж базасында Ақмола облысы ақпараттық технологиялар әдістемелік бірлестігінің 2025-2026 оқу жылындағы бірінші отырысы "Білім беру ортасындағы ақпараттық қауіпсіздік: оқушылар мен педагогтардың деректерін қорғау, цифрлық гигиена және World Skills құзыреттілік стандарттары аясындағы заманауи қатерлер" тақырыбында өтті.

14.10.2025

Отырыстың ашылуында "Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді дамыту орталығы" КММ 
басшы м.а  Сералина Сәуле Сәлімжанқызы және Ақмола әдістемелік бірлестігінің төрағасы Тукубаев А.С. құттықтау сөз сөйледі.
Баяндамалар оқылып, тәжірибе алмасу болды. Оқытушылар Зубов А.Ю. мен Жүнісова Ә.Б. цифрлық қауіпсіздікті экономикалық пәндерге біріктіру бойынша практикаға бағдарланған тапсырмаларды енгізу мысалдарымен бөлісті. Оқытушылар Танкишева Ә.Ж., Голубева Е.С., Иманғалиева Ә.К. және өндірістік оқыту шебері Белявский А.О. оқу орнында цифрлық гигиена мен қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы туралы ақпаратпен бөлісіп, ақпараттық қауіпсіздікке оқытудың нұсқаларын ұсынды.Жұмыс нәтижесінде осы тәжірибені кеңінен тарату және практикалық оқыту кейстерін белсенді енгізу нұсқалары қарастырылды.

Просмотров: 212

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст